Жаңалықтар

Алты науқас жындыханадан қашып кеткен

Алты науқас жындыханадан қашып кеткен

Бұл оқиға өткен айдың 12-сі күні болған. Алты науқас Иркутскідегі жындыханадан белгісіз бағытқа қашып кеткен. Медбикелердің бірін уақытша кепілге алған науқастың бірі кезекші дәрігерден кілтті алып, өзге бес науқасты өткізіп, артынан өзі де емхана есігінен шығып кеткен. Қашқындардың арасында кісі өлтіргендер мен маньяктар жоқ. Ақпаратқа сүйенсек, қашқындардың ең үлкені – 25, ең кішісі – 18 жаста. Оларды іздеуге полиция қызметкерлері түгел жұмылдырылған.