Жаңалықтар

Президенттер демалысы

  Президенттер демалысын қайда өткізеді? Мемлекет басшылары да ұзақ мерзімге демалысқа шықпаса да, 3-4 күндік еңбек демаласын алады. Ал пандемия салдарынан тіпті кей елдің Мепмлекет басшылары тіпті мұндай үзілісті ұмытқаны бар. Жалпы тұтас бір мемлекеттің тағдырына жауаптылар демалыстарын қайда өткізгенді қалайды? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.   Президенттер де пенде. Олар да шаршайды, шалдығады. Сондықтан тұтас бір мемлекеттің тағдырына қатысты шешім қабылдайтын тұлғалар ара-тұра еңбек демалыс алып, сергіп алып жатады. Бірақ, Мемлекет басшылары айлап демалысқа шықпайды, тек бірер күнге үзіліс алады. Мәселен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында қысқамерзіміді демалыста болды.  Ол еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі  Бұқтырмак су қоймасында өткізді. ЦИТАТА: «Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі  Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады». ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ БЕРІК УӘЛИДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАСЫНАН Жоғары лауазымды тұлғалардың қайда және қалай демалатыны жұртты қызықтыратыны рас. Басқа елдердің басшыларына келер тболсақ, Ресей Президенті Владимир Путин  биыл жазда толыққанды еңбек демалысына шықпайды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 18 мамырда хабарлаған болатын.  Бұған дейін Путин тау-тасты аралап, өткен қыста Тайгаға барып демалғаны бар. Еңбек демаласын белсенді түрде өткізетіндердің бірі  - Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов! Ол балық аулап, атқа мініп, табиғат аясында тыныққанды жақсы көреді екен. Тіпті экстрим мен драйвті сүйетіндердің қатарында. Ал билікке келгеніне көп бола қоймаған Украина президенті Зеленский тек 2019 жылы ғана қысқамерзімді еңбек демалыс алған. Оны Қара теңізде өткізген. Ал биыл оның нақты қайда баратыны беймәлім. Қысқасы, әлемде дендеген  пандемия салдарынан Президенттердің көбі демалыстарына шегерген. Ал еңбек демалысына шықса да, өз елінен аттап шыққандары некен-саяқ! https://www.youtube.com/watch?v=kBFxsu0K3y4