Президенттің қарындасы қайтыс болды
Президенттің қарындасы қайтыс болды
Алдын-ала жеткен ақпарат бойынша ол коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы prokadrykz телеграм арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы Құрбанбибі Рахмонова 64 жасында дүниеден озды. Биылғы жылдың 5 шілдесі күні тәжік елінің басшысының енесі – Узбекби Асадуллоева 88 жасында қайтыс болған еді.
68 жастағы Эмомали Рахмон тәжік елін 1994 жылдың 16 қарашасынан бері басқарып келеді. «Тәжіктер тарих айнасында: арийлерден саманидтерге» дейін кітабының авторы. Тоғыз ұл-қыздың әкесі.