Жаңалықтар

Қолындағы ұлы шығар? Бұрынғы білім министрінің әкесіне Қостанайда ескерткіш қойылыпты

Қолындағы ұлы шығар? Бұрынғы білім министрінің әкесіне Қостанайда ескерткіш қойылыпты

Қостанайда бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі көрнекті ғалым Кенжеғали Сағадиевке ескерткіш қойылды деп хабарлайды newsroom.kz басылымы белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитовтің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы Қостанай облысында туған. 2020 жылы 25 шілде күні қайтыс болған. Академик. Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның ең ірі бес университетін басқарған. Ұлы - Ерлан Сағадиев 2016-2019 жылдар ҚР Білім министрі болған. Аталмыш ескерткіш туралы Жақсылық Сәбитов «Поставили памятник Кенжегали Сагадиеву в Костанае. Возможно на его руках его сын Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев. 🙂» деп пікір жазған. (Жазба авторының түпнұсқа тексті сақталды).