Жаңалықтар

Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат  Әзімов Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Қайрат Әзімов 1986 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы Шолақ-Қорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университеті. Мамандығы- Экономика, РФ Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық академиясы. Мамандығы – Халықаралық қатынастар магистрі Еңбек жолы  2008-2010 жылдары  ҚР Сыртқы істер министірлігінде атташенің міндетін атқарушы болып бастаған.  2011-2013 жылдары  ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінде хатшы, 2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласындағы бас консулдығының хатшысы, 2018-2019 жылдары  Астана қаласындағы «УАҚЫП» Қазақстандық қайырымдылық қоры президенті, 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы  басшы орынбасары, 2021 жылдан Нұр-Сұлтан  қаласының « Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.