Түркістан облысында 44 мұздақ көлге тікұшақпен барлау жүргізіді
Түркістан облысында 44 мұздақ көлге тікұшақпен барлау жүргізіді
Түркістан облысының аумағында сел жүру қауіпі бар 100 аумақ орналасқан. Оның зақымдану аймағы 4 280 550 шаршы метрді құрайды. Облыста сел тасқынын алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тауда орналасқан 44 мұздақ көлдерге ЕС-145 маркалы тік ұшағымен аэровизуалды шолу жүргізді. Сонымен қатар, сел қаупі бар учаскелер қаралды. Нәтижесінде, мұздақ көлдердің жағдайы қалыпты жағдайда тұрғандығы анықталып, сел тасқыны төндіру қауіпі жоқ деп тұжырымдалды. Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен, ауа райының күрт өзгеруіне, яғни күннің жылуына байланысты селдің алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен табиғат қоғау басқармасы мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы облыс әкіміне баяндалды. Облыс әкімі таулы аудандардың тұрғындарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бірқатар ведомстволарға күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды.