Жаңалықтар

«ГАИ» қызметкерінің үйінен 36 көлік табылған. Прокуратура қайтаруды жоспарлауда

Айдар Гиндуллиннің үйінен 36 көлік, қаладан 2 пәтер мен 2 жер учаскесі және қала сыртындағы элиталық мөлтек ауданнан үлкен үй тәркіленген.

Башқұртстанның ЖҚҚМИ ІІМ бөлім бастығының орынбасары болған А.Гиндуллин 2017-2020 жылдары жүргізуші куәлігін саудалаумен айналысты деп жауапқа тартылуда. Тергеушілер мәліметінше ол бір куәлікті 14 000 – 40 000 Ресей рублі көлемінде бағалаған. Енді оған қоса қарамағында істеген төрт инспектор да істі болуда.  width= Тексеру барысында, күдіктіден декларацияланбаған 24 млн рубль қаржы да табылған. Openmedia.io басылымының жазуынша жоғары лауазымды башқұрт полицейінің отбасында әлі 16 машина одан бөлек бірнеше жылжымайтын мүлік қалған. Қазір күдікті тергеу абақтысында. Оның адвокаты Ильшат Альмухаметовтың «Коммерсант» басылымына мәлімдеуінше оның қорғауындағы күдіктіге «қысым көрсетіліп жатқан көрінеді».

Материал авторы: Дана АССАЛАУОВА

Дереккөз: openmedia.io