Шымкент қаласының әкімінің экс-бірінші орынбасары Қармақшыға әкім болды
Шымкент қаласының әкімінің экс-бірінші орынбасары Қармақшыға әкім болды
Шымкент қаласы әкімінің экс-бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Қызылорда облысының Қармақшы ауданына әкім болыпты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің су жаңа баспасөз хатшысы Абай Тағыбергеннің фейсбук сторисіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлап отыр.
Қайрат Нұртай ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті, ҚР Президенті Кеңсесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.
2015 жылдың 26 қаңтарынан – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары,
2018 жылдың 4 шілдесінде – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.