Ақтауда «Жартасты соқпақ» жағалауы ашылды

01 Қыркүйек, 2019 82 0

Конституция күні аясында, теңдессіз туристік жобаны салтанатты түрде өңір басшысы Серікбай Трұмов ашты. 

Салтанатты ашылу рәсіміне NCOC басқарушы директоры Ричард Хоув, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов қатысты.

Жартасты соқпақ 4 шағын ауданда теңізге түсетін маңайдан, жартас массивінің етегінде орналасқан, Caspian Riviera қонақ үйінің аумағы бойымен өтеді, әрі қарай жартасты жағалай 1 шағын аудандағы яхт-клубына дейін жалғасады. Жоба аясында Теңіз жағалауы мен жартас бойындағы үңгірлер абаттандырылып, табиғи мұражайға айналды. Құрылыс жұмыстарын «НУРСАТ» ЖШС- сы North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясының демеушілігі есебінен жүргізді. Заманауи үлгідегі аспан астындағы дала сахнасы бой көтерді. Абаттандыру жобасының жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Оның 70 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарай ыңғайластырылған. Осылайша жартасты жағалау туристік нысанға айналып, Ақтау қаласының бренді атанды.

- 2018 жылы Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өткен болатын. Төрт күл дүние көз тіккен аса маңызды халықаралық шарада ҚР Тұңғыш Президент Н.Назарбаев жаңа келбетке енген жағалауға арнайы келіп, өзінің оң бағасын берген болатын. Бүгінгі Ақмаржан қаланың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ал, оны одан әрі көркейтіп дамыту біздің азаматтық парызымыз.

Құрметті жерлестер, мерекеміз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі жасап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз дами берсін!,- деді облыс әкімі.

Тегтер: Ақтау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.