Масқара: Шығыста Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кеткен
Масқара: Шығыста Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кеткен
Құнанбай әулетінің қорымын жел қиратып кетті. Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқыда орналасқан нысан 2019 жылдың күзінде ғана жөндеуден өткен еді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz порталы.
Ол үшін қазынадан 28 млн теңге бөлінген-ді. Тасы мүжіліп, елеусіз қалған ұлы Абайдың әкесі Құнанбайдың қорымы қайтадан жаңартылды деп жұрттың қуанғаны кеше ғана еді. Енді міне бір соққан желге шыдас бермей, қорымның аумағындағы демалушыларға арналған шатырлы ағаш қисайып, Құнанбай қажы туралы жазылған мәрмәр тас ортасынан қақ бөлініп кеткен. Тарихи маңызы бар ескерткіштердің тізіміне енгізілген нысан 2019 жылдың 19 наурызынан бастап, Абай ауданының Мәдениет үйінің балансына берілген екен.
ӘДІЛЕТ НҰРҒАЛИ, АБАЙ АУДАНЫ АҚШОҚЫДАҒЫ ҚҰНАНБАЙ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: "Мердігер компания 1 жыл гарантиясы бітіп қалса да, өз күштерімен келіп, жаңағы мәрмәр қоршау құлаған болатын, сол қоршауды жөндеді. Екі мәрмәр тасты жөндеуге алып кетті. Енді апарып қайтадан орнына апарып қоямыз деп отыр. Енді екі беседканы да жөндетіп беруді мойнына алып тұр". [embed]https://www.youtube.com/watch?v=1spHxQspr5w&t=990s[/embed]