Ақмола облысында жас қыз өзімен таныспақ болған жігіттерге пышақ сұғып алған

03 Қыркүйек, 2019 226 0

Ақмола облысында 21 жастағы қыз екі ер адамға пышақ жарақатын салды деген күдікпен ұсталды. Бүгінде оқиғаға қатысты сотқа дейінгі өндіріс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 31 тамызда түнгі сағат 1:35-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті ауруханаға сол қолының білегі тілінген 30 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы қоңырау түскен. Дәл осы түні сағат 2:30-да осыған ұқсас тағы бір қоңырау түседі. Бұл жолы жергілікті облыстық ауруханаға ішінен пышақ жарақатын алған 27 жастағы жігіт жеткізіліпті. 

«Анықталғандай, сол кеште зардап шеккендер түрлі уақытта түрлі көңіл көтеру орындарында демалған. Ер адамдар бейтаныс әйелмен таныспақ болғанда пышақ жарақатын алғандарын айтты. Зардап шеккендер қызбен әңгімелесе бастағанда, ол дөрекілік танытыпты. Артынша араларында ұрыс туындап, қыз қалтасынан пышақ алып шыққан», - делінеді хабарламада. 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына (Бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. 

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында күдіктінің тұлғасын анықтап, жарты сағаттан кейін 21 жастағы жергілікті тұрғын кінәсін мойындап, жауап берді», - дейді полициядағылар. 

Полициядағылардың сөзінше, күдікті зардап шеккендердің өзімен таныспақ болғанын, артынша тиісе бастағандарын айтқан. 

«Қыздың айтуынша, көңіл көтеру орындарына жалғыз баратындықтан, өзімен бірге үнемі пышақ алып жүреді екен. Ол оқиғадан кейін суық қарудан арылған», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 


Тегтер: Көкшетау, полиция, күдікті, пышақ, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.