Нұрсұлтандық кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

03 Қыркүйек, 2019 566 0

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары туған ауылының экономикасын көтеріп, түрлі кәсіпорындар мен ауылшаруашылық нысандарын ашып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Бұл туралы petropavltv.kz сайтына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Солардың бірі нұрсұлтандық Абзал Кәкімов. Елордалық инвестор өзі туып өскен Уалиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында 1400 ірі қараға шақталған кешен салып, елді мекен тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.

Қайрат ауылындағы мал кешені жақында өз жұмысын бастайды. Базаны салу үшін елордалық кәсіпкер Абзал Кәкімов 70 млн теңге инвестиция құйған. Ірі қараға шақталған қораларда асыл тұқымды мал басы көбейтіледі. Оған қажетті жем-шөп пен техника түгел. Бұдан ауыл тұрғындары да ұтпақ. Қазірдің өзінде қайраттық 13 азамат жұмыспен қамтылды.

АБЗАЛ КӘКІМОВ, «KAZ G INVEST» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін міне елде де, менде де қуанышты күн. Қосымша жұмыс орындары ашылды. Міне тікелей айта алам бізде қызмет 12 ай бойы жұмыс істейді. Жалақыларын алып әлеуметтік жағдайларын жасайтын мүмкіндік туып отыр. Жұмысшыларымызға отын беріледі, одан кейін малдар болатын болса оларға да көмек беріледі.

Кешен 1400 ірі қараға шақталған. Серіктестік 100 герефорд және қазақтың ақ бас сиырын сатып алыпты. Бұл бағытқа инвестор 60 млн теңге жұмсаған. Оның айтуынша алдағы үш жылда шыққан қаражат толығымен өтеледі. Сондықтан болса керек ет бағытын дамытуды жоспарлаған.  

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елімізде 2017 жылдан бастап Ауыл шаруашылық өндірістік коопертивтерін дамыту бағдарламасы іске қосылған болатын. Осындай кооператив «KAZ G INVEST» деген біздің ауданымызда тіркеліп, ашылды. Негізі соның төрағасы Қайрат ауылының тумасы Абзал Кәкімов. Нұр-Сұлтан қаласынан елге келіп екі мал қорасын іске қосып отыр.
Бұл кешеннің қолданысқа берілуі елді мекеннің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына да септігін тигізбек.  

ЕРЖАН БІТНИЕВ, ҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Енді бұл ауыл үшін өте пайдалы себебі көптеген жұмыс орындары ашылады, болашақта осы жерден ет өнімдері шығарылады, сүт өнімдері шығарылады. Бұл Қайрат ауылына жасалынып жатқан игі шара. Бұл дегеніміз ауылдың тамырына қан жүгіріп жатыр деген сөз. Басқа да алыстағы ағайындарға үлгі болады деп санамыз.

Кешеннің ашылу салтанаты Конституция күнімен тұспа – тұс келіп, ауыл халқы қос мерекені бірдей атап өтті. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өз жұмысын адал атқарған түрлі сала мамандары марапатқа ие болды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тегтер: СолтүстікҚазақстан, инвестор, Қайратауылы, АбзалКәкімов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.