Жаңалықтар

Марат Омаровтың анасы қайтыс болды

Марат Омаровтың анасы қайтыс болды

Танымал қазақстандық әнші Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова о дүниеге аттанды.

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деп баласы ән арнаған Сұлухан әжей өмірінің 96 жасында дүние салыпты.
 width=
Бұл туралы Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты. "Бүгін Алланың қалауымен мамыр айының 9 күні асыл әжеміз бақилық болды. Апатайым. сізді жанымдай жақсы көремін. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын. Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде", - дейді Зарина Омарова. Әншінің өзі анасының қайтыс болғанын растап отыр: кейуана инсульттан көз жұмған. Сондай-ақ қарт әжейдің жаназасы 10 мамыр күні Шымкентте болатыны айтылды. Сілтеме