Жаңалықтар

Өскеменде ішіп алған әкімдік қызметкері қамалды

Өскемендік полицейлер мас күйінде рөлге отырған әкімдік қызметкерін қамап тастады. Бұл туралы “Еуразия” бірінші арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz порталы. Ішімдікке сылқия тойып алып, жылжымалы вакциналау пунктіне көлікпен келген 54 жастағы әйел 15 тәулікке темір торға тоғытылды да, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды. Негізі ол өз шаурасымен кетіп бара жатып, екпеге арналған автобустың жабық тұрғанын, ал ондағы медиктердің бетпересіз бей-берекет жүргенін көріп тоқтаған екен. Осылайша, алкогольдің буымен өзгелерді жөнге саламын деп ойлаған шенеунік жұмысынан айырылды. Өйткені, қалалық әкімдік болған оқиға мен мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Барлығын анықтағанға дейін ішкіш маманқызметтен шеттетілді. [embed]https://www.youtube.com/watch?t=205&v=uEEyleleUpQ&feature=youtu.be[/embed]