Жаңалықтар

Сұмдық қой: үй алған ақтөбеліктер үйлеріне кіре алмай жүр

«Уәдеге тойдық!» Ақтөбеде жаңа үйден пәтер сатып алғандар өз баспанасына кіре алмай жүр деп хабарлайды Еуразия бірінші арнаға сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Құрылыс компаниясы көпқабатты үйді былтыр пайдалануға беруі тиіс болған. Қолдарындакелісім-шарттары да бар. Бірақ, соған қарамастан, әлі күтіп жүр. Амалы таусылған жұрт арашасұрап облыстық әкімдікке келді. Тұрғындардың мәселесімен өңір басшысы бас қатыра ма екен? - дейді “Еуразия” бірінші арнасы. Бұл - қоныс тойын тойлауға асығып жүргендердің бір парасы ғана. Жиналғандар жап-жаңаүйдің 100-ге тарта пәтері сатылып кеткенін айтады. Бірақ, бәрі де ақшаға алған үйлеріне кіреалмай жүр.  Техникалық төлқұжаты да  қолдарына тимеген. Құрылыс компаниясының ертеңінетойған жұрт облыстық әкімдікке келді. Шенділерден мәселесін шешіп беруді сұрайды. БАҚЫТ САРМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бірінші жаңбырда  үй деген жаңбырды көтермеді. Төбесінен су  кетті, квартиралардан су кетті. Соны енді барып застройщикке айтсақ, бір—екі жетіден кейін дайын болады дейді. Техпаспорт әлі берген жоқ. Свет жоқ, су жоқ, онда қалай ремонт жасаймыз?». Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе бар. Ол- үйдің техникалық қабаты. Әу баста үй жеті қабатты, сегізіншісі  техникалық қабат болатынын айтты дейді. Алайда, қазір оның өзін пәтерге айналдырып жатқанына наразы. ВЕНЕРА ҚАЙРАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Негізі жеті қабатты болу керек ғой, ал біздікі сегіз болып тұр.  Компания сол сегізінші қабатқа есік-терезе салып пәтер қылды. Ол деген ертең үйдің іргетасына салмақ түсіреді. Кешегі жаңбырдың өзінде  6-7-8-ші қабаттардан су кетті».   Облыстық әкімдіктегілер тұрғындардан ресми шағым түскенін растады. Алайда, мораторий жарияланғандықтан, шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізе алмайтындықтарын айтты. Тексеріске тек облыс әкімі рұқсат бере алады. Әкімдіктегілер сол үшін облыс басшысының өкімі шыққанын күтіп отырғандықтарын айтты. ҚУАНЫШ ӘКИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  "Заңсыздықтар анықталған жағдайда біз Әкімшілік кодексте көрсетілген баптар бойынша жауапкершілікке тартылатын болады және заңсыздықтарды  жою бойынша нұсқама беретін боламыз". Баспанасын сұрап тұрғындар тағы да құрылыс компаниясына келді. Басшысы тек бастамашы топтың екі өкілін ғана қабылдайтынын айтты. Бірінші сұрақ  техникалық қабат мәселесі болды. Құрылыс компаниясының өкілі үйдің пайдалануға беру мерзімі созылып кеткенін пандемиямен байланыстырды. Жылыту қазандығынан бастап, есептегіш қондырғылардың бәрі сырттан келеді. Соны күтуге уақыт кетті деп отыр. АРМАН ҚОНАҚБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «В конце июля мы должны уложиться. Потому что, сейчас счетчиктің өзі кеше келді. Бәрі күні кеше келіп тұр. Мен границаға барып айтпаймын ғой... -         Мына кісілер неге газ, су, свет жоқ деп тұр? -         Барып қарасаңдаршы... на данный момент газ есть, свет есть, канализация есть...». Компания өкілінің кеңседе айтып отырған сөзіне иланбаған жұрт үйлеріне қарай асықты. Алайда, баяғы жартас- сол жартас екенін көріп, тағы да салы суға кетті.  ГҮЛМИРА САРИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Соқыр емеспіз ғой, қанша адам бар, келіпқараймыз ғой, иә газ, иә су жоқ, условия жоқ". Жиналғандардың ендігі  үміті  бақылаушы мекемелерде. Солардың тексерісінен соң ғана,пәтердің құжатын қолына алып, баспаналарына кіреміз деп үміттеніп отыр. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=zpUAGvAuAdw[/embed]