Татарстанда мектеп оқушыларын қырып салған қанішерге қаржы жинау басталды
Татарстанда мектеп оқушыларын қырып салған қанішерге қаржы жинау басталды
Қазан қаласында 9 адамды атып өлтіріп, 24 адамды жаралаған Ильназ Галявиевтің адвокатына ақша жинау басталды деп жазады @qaraorda телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. «Помоги Ильназу» деп аталатын қауымдастық И.Галявиевтің адвокатына қажет 300 мың Ресей рубльіне ақша жинамақ болған. Нәтижесінде керек қаржы дереу жиналып, 2,5 мың адам ақша аударған! Аталмыш телеграм канал бөліскен суретке сенсек, «Қазан атқышына» қажет сумманы жинауға жауапты Қазақстанда да өкілі болған. Ол елдегі ең ірі екі банктегі шотын көрсеткен.