Қайын апасына смс жіберген Атырау облысының тұрғыны жауапқа тартылды

03 Қыркүйек, 2019 285 0

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.

Ол телефон арқылы қайын апасына намысы мен ар-ожданына тиетін ауыр сөздер жазған. Бұл сот отырысында белгілі болды.

Хабарлама жіберген тұрғын сот процесі барысында кінәсін мойындағанына қарамастан, судья жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Қайын апасына хабарлама жіберген әйел ҚР әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылып, 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Тегтер: Атырау, отбасы, сот, қайынапа, әкімшілікіс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.