Жаңалықтар

Пандемия басталғалы Ресейде БАҚ саны азайған

Коронавирус кезеңі басталғалы көршілес Ресейде БАҚ саны айтарлықтай азайған деп жазады trtrussian.com сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

2020 жылы 3150 БАҚ тіркелсе, 2021 жылдың алты айында 1158 БАҚ тіркелген. Пандемия басталғалы жеті мыңға жуық БАҚ лицензиясынан айырылған. Бұл Ресейдегі барша БАҚ-тың 12 пайызын құрайды. Соңғы бес жылда тіркелген әрбір бесінші БАҚ жабылып қалған. Бұл федералды көрсеткіш бойынша 19,8 пайыздың көрсеткіші. Мәселен, жоғарыда біз жазған соңғы алты айда тіркелген БАҚ-тардың тіркелуі көрсеткіші 2012 жылғы тіркелу санынан 2,4 есе азайған. Қазір көршілес елде меморгандар тарапынан тіркелетін БАҚ саны артқан. 2019 жылы 3700 ақпарат құралдары тіркелсе, соның әрбір үшіншісіне меморгандар өтінім берген. 2001-2011 жылдары меморган тарапынан тіркелетін БАҚ-тардың үлес саны 9 пайызды құраған. Қазір әрбір алтыншы БАҚ мемлекет тарапынан тіркелген деп жазады trtrussia.com. Фото: Атлас этнических СМИ России | Журнал «Журналист»