Жаңалықтар

Королевамсың: ағылшын футболшылары Елизавета ІІ алдында ұятқа қалды

Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, екі қосымша таймда гол соғылған жоқ, - деп жазады newsroom.kz тілшісі. EURO-2020 финалы Лондонның Уэмбли стадионында 12 шілдеге қараған түні өткен. Англия құрамасы Италия ұлттық құрамасына қарсы финалдық матчтің екінші минутында алға шықты. Италиялықтардың қақпасына голды Люк Шоу соқты. Бұл гол EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдам гол болды. Матчтің 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи Англия құрамасының қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Матчтің негізгі уақытында есеп өзгерген жоқ. Құрамалар қосымша уақытта да ойын барысын өзгерте алмады. Матчтің нәтижесін пенальти сериясы шешті. EURO-2020 финалы матчтен кейінгі пенальтимен аяқталған жағдай тарихта осымен екінші рет болып отыр, бірінші рет 1976 жылы болған. Пенальти сериясында италиялықтар қарсыластың қақпасына 3 гол соғып, чемпионаттағы кейінгі жеңісінен 53 жыл өткен соң Еуропа чемпионы атанды. Изображение Топтық кезеңде италиялықтар А квартетінде Түркияны (3:0), Швейцарияны (3:0) және Уэльсті (1:0) жеңып, тоғыз ұпай жинаған. 1/8 финалда олар қосымша уақытта Австрияны жеңді (2:1), ал келесі раундта Бельгиядан мықты болды (2:1). Пенальти сериясындағы жартылай финалда италиялықтар Испанияны жеңді. Ойын соңында EURO-2020 үздік ойыншысы атағы Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммаға берілді. Бұл Питер Шмейхельден кейін (1992 жыл) үздік ойыншы атанған еуро тарихындағы екінші қақпашы. Айтқандай, күні кеше ғана Лондонда өткен финалға шыққан ағылшындарға патшайым Елизавета ІІ сәттілік тілеген еді...