Жамбылдық полицейлер үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі
Жамбылдық полицейлер үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі

"324 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 61 есірткіні өткізу, 32 - аса ірі көлемде сақтау, 12 есірткі құралдарын контрабандалау жағдайы, 10 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 1 есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және 209 қылмыстық теріс қылық дерегі", - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.