Шу ауданында 1, 5 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды
Шу ауданында 1, 5 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды
2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды "Қарасора-2021" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.
2021 жылдың 2 шілдесінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 5 гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі "сора тұқымдас өсімдікті" өртеу арқылы жойды.