Жаңалықтар

Әлем: И.Әлиевтің коронавирусқа қарсы стратегиялық көзқарасы

Әлем: И.Әлиевтің коронавирусқа қарсы стратегиялық көзқарасы

Міне қатарынан жүз күн бойы әлем өмір үшін емес, көзге көрінбейтін жау – коронавируспен күресіп келеді. Бұрын-соңды болмаған оқшаулау шаралары қолданылуда. Ұшақтар ұшпайды. Пойыздар жүрмейді. Мектептерде сабақтар тоқтатылды. Барлық бұқаралық және спорт шаралары өтпейтін болды. Адамдар көп жиналатын көшелер мен  алаңдар, саябақтар мен аллеялар тыныштық құшағында. Әлемдегі 7 миллиар халықтың жартысы яғни 4 миллиардқа жуығы тысқа шықпай, үйде отыр. Алайда әр күн сайын вирусты жұқтырғандар мен одан өлгендер саны артып келеді. Әр сағат сайын өзгеріп отырған цифрлар адамзат баласы соқтығысқан , миллиондаған жандардың трагедиясына айналған үлкен сынақтан хабар бергендей. Қазақ тапқандар саны әрқалай – бұл сандар құрлық, мемлекеттер, тіпті қалалар бойынша өзгеріп отырады. Сандар арқылы салыстыру әр түрлі елдердегі вирусқа қарсы күрестің тиімділігін көрсетеді. Әзірбайжан коронавируспен күресте  үлгілі елдердің қатарына кірді. Президент Ильхам Әлиевтің көрегендігінің нәтижесінде дер кезінде қабылданған дұрыс шешімдер шығындарды барынша азайтты. Мемлекет халықтың әртүрлі топтарына барынша әлеуметтік қолдау көрсетеді. Әзірбайжан коронавируспен күресу шараларының тиімділігімен ерекшеленетін елдердің бірі екендігі кездейсоқ емес. Біздің әңгімеміз – әлемді аяғынан тік тұрғызған COVID-19 індеті, Әзірбайжан Президенті мен біздің мемлекеттің індетке қарсы күрес стратегиясы, сондай-ақ бастан өткеріп жатқан қиын күндер туралы болмақ. Әр мемлекеттің өз саясаты бар, айтқандай індетке қарсы «ұлттық» тәсілі бар. Кім және қайда қате жіберді, қарсы шара қолдануда кім кеш қалды немесе мәселені шынайы қабылдамады? Бұл сұрақтарға уақыт жауап береді, біз оқиғаның бет-алысын ауырлатып отырған адами фактор мәселесіне мойын бұрғымыз келеді. Осы тұрғыдан алғанда Әзірбайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиеваның сынақ бәріне ортақ, дерт пен азап шегудің шекарасы жоқ, деген халыққа айтқан сөзін еске түсірген орынды. Мехрибан ханымның сөзімен айтсақ, «денсаулық сақтау бюджеті миллиардтаған долларға ие, ғылыми және зияткерлік әлеуеті зор, барлық озық технологияларға ие дамыған мемлекеттер де эпидемияның таралуына төтеп бере алмады». Әрине, егер жағдай осылайша басқарудан шығып кетсе, бізді де дәл сондай тағдыр күтер еді. Сонымен қатар вирус бізге көршілес мемлекеттерге де жетті. Қозғалыс көп шекаралас шекаралас аймақтарда індет кез келген уақытта басталуы мүмкін. Президент Ильхам Әлиевтің проблемаға қатысты стратегиялық көзқарасы және оның қауіп-қатерді бағалауға негізделген шешімдері вирустың таралуын болдырмауға және инфекциялар тізбегін бұзуға жол ашты. Індет таралған алғашқы күннен бастап Әзірбажан Президенті «Біз үшін басымдық - адамдардың денсаулығы, олардың өмірі және әлеуметтік қорғалуы», - дей келе дәл осы саясатқа көзқарасы бағытталған еді. Қатаң және алдын алу шараларының нәтижесінде жағдайды бақылауға алу мүмкін болды. Вирус жұқтырғандар мен сауығу санының арақатынасында оң үрдіс байқалды. Әзірбайжанның денсаулық сақтау, оның ішінде медицина мамандары қиын сынақты жеңе алатындығын көрсетті. Коронавируспен ауыратын науқастардың көпшілігі соңғы жылдары салынған 20-дан астам мемлекеттік ауруханаларда сапалы ем қабылдауда және қабылдап та жатыр. Індет өршіп тұрған күндері 575 төсектік заманауи «Ени клиникасының» ашылуы, күніне 250 мың бетперде шығаратын Сумғайыт химиялық өндірістік паркіндегі кәсіпорынның ашылуы айтарлықтай әлеует берді. Қазіргі уақытта И.Әлиевтің тапсырмасы бойынша модульді сипаттағы 10 емхананың құрылысы жүруде. Бұл емханалардың іске қосылуы қосымша 2 мың төсек-орын пайда болады деген сөз. Егер наурыз айында тапсырылған 1000 адамдық төсек-орын, бүгінгі күні жұмыс істейтін 18 зертхананы, дәрігерлеріміздің жоғары кәсібилігі мен адалдығын қоссақ, біздің денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы мен атқарылған жұмыстар туралы нақты түсінік қалыптасады. Бірінші вице-президент, мамандығы бойынша дәрігер Мехрибан Әлиева медицина қызметкерлерінің адал қызметіне жоғары баға беріп, өзінің Instagram парақшасында «Осы күндері біз ақ халаттылардың еңбегі қасиетті деп тегіннен-тегін айтылмайтындығына көзіміз жетіп отыр. Ақиқатында ол әрқашан терең білім мен таза шеберлікті қажет етеді. Десе де бүгінде тек бұл ғана емес, біздің дәрігерлерден үлкен батылдықты да қажет етті. Олар бұл қиын емтиханнан абыроймен өтуде», - деп жазды. Індет жұқтырғандар мен өлім-жітімнің санын салыстыра отырып, Әзірбайжанның COVID-19 вирусын емдеуді шебер басқара алғандарына көз жеткізуге болады: бүгінгі күнге дейін вирус жұқтырған 1932 адамның 1441-і жазылып шықты, барлығы 25 адамның өлімі тіркелді. Екі көрсеткіш бойынша да біз ең жақын көршілеріміз саналатын Иран, Ресей, Түркиядан, сондай-ақ Еуропаның дамыған елдері Италия, Испания, Ұлыбритания, Франция, Бельгиядан қарағанда әлдеқайда жоғары тұрмыз. Әзірбайжан тұрғындар санына қатысты індетті жұқтыру және өлім жағдайлары аз тіркелген және тізімде ең төмен орналасқан мемлекеттердің бірі. Президентіміздің көрегенді, дана шешімдері, қатерлерді дұрыс бағалауы және біздің халқымыздың бірлігі жағдайдың теріс беталысқа ауып кетпеуіне мүмкіндік беріп, әзірбайжандық дәрігерлердің сенімін нығайтты. Десе де індетті толық жеңдік деп айтуға әлі ерте (бұл вакцинаға жасауға қатысты медицина мәселесі), Президент өз халқын пандемия қаупінен барынша қорғады деп сенімді түрде айта аламыз. Әзірбайжанда індет өршіген кезде халықты әлеуметтік қорғау саласында қабылданған шараларды дәйекті түрде қарастырайық. 19 наурызда президент Ильхам Әлиев пандемияның ел экономикасына, макроэкономикалық тұрақтылыққа, жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлік субъектілеріне әсерін төмендетуді көздейтін жарлыққа қол қойды. Бұйрықта жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі ерекше назарға алынды. Нәтижесінде, пандемиядан зардап шеккен экономика салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді, халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау, сондай-ақ қысқа және орта мерзімді жұмыспен қамту шаралары күшейтілді. Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарында жоғарыда аталған бағыттар бойынша 10 шара қарастырылған. Олар 2,5 миллион адамды қамтиды, бұл бұрын-соңды болмаған әлеуметтік қолдаудың ауқымын көрсетеді. Бірнеше негізгі тұсқа мән берсек. Жалпы алғанда мемлекеттік сектор бойынша шамамен 900 мыңға жуық адамның еңбекақысын және мемлекеттік емес сектордағы 690 мың адамның еңбекақысын сақтап қалу жайы қолға алынды. Барлық мемлекеттік органдарға негізсіз қысқартуларға жол бермеу тапсырылды, осыған байланысты кәсіпкерлерге үндеу жарияланды. Мемлекет қырық төрт мың кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтін 300 мыңнан астам жұмысшылардың жалақысының едәуір бөлігін төлейді. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға шағын кәсіпкерліктің 290 мыңнан астам өкілі мен жеке кәсіпкерлер ие болды. Әрине, әлеуметтік қолдау пакеттері үлкен шығындарды талап етеді, бұл мемлекеттік бюджет үшін үлкен ауыртпалық: салық жеңілдіктерін қосқанда 3,5 миллиард манатты құрап отыр. Мемлекет бұл шығындарды елеулі экономикалық қатерлер жағдайында көтереді. Егер қуатты экономикалық мүмкіндік болмаса, әлеуметтік саясатты сәтті жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Бір-екі мысал келтірсек жеткілікті: соңғы 15 жылдың ішінде ішкі жалпы өнім 64 миллиард манатқа артып, 2019 жылы 81 миллиард 681 миллион манатқа жетті, яғни шамамен бес есе өсті. Осы жылдың басында елдің стратегиялық валюталық резервтері рекордтық деңгейге көтеріліп, 52 млрд долларды құрады. Валюта резервтері сыртқы қарызға қарағанда бес есе көп. Жан басына шаққандағы валюта резерві бойынша Әзірбайжан ТМД-да бірінші орында. Әзірбайжанның пандемия кезінде Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорынан көмек сұраған 150 мемлекеттің қатарына енбегені көңіл қуантады. Осынау қиын күндерде Әзірбайжан ешкімнен қаржылық қолдау сұрамай, керісінше, мүмкіндігінше достас елдерге жәрдемдесті. Бірінші вице-президент Мехрибан Әлиеваның осы сынақ күндеріндегі халыққа үндеуі, оның Instagram парақшасындағы шынайы сөздері рухани қолдаудың жарқын мысалы болып саналады. Мехрибан ханым халқымыздың мықты рухы, батылдығы, мейірімділігі мен жанашырлығы, сенімі мен махаббатының арқасында біз осы күрделі сынақты жеңе алатынымызға сенім білдірді. Уақыт індет барысында көзге көрінбейтін дұшпанға бірлесіп, тізе қосқан халқы бар мемлекеттердің жеңетіні туралы постулатты растады. Бұл тұрғыда Әзірбайжанның көшбасшылығы назар аудартады. Президент Ильхам Әлиевтің бастауымен түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің төрағасы ретінде видеоконференция форматында өткізген Саммит COVID-19-бен күрестегі халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың алғашқы және маңызды бастамасы болды. Түркі Кеңесінің Саммиті осы қиын уақытта елдер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен салиқалықтың маңызын танытты. Әзірбайжан Президенті сондай-ақ Қосылмау қозғалысының байланыс тобының форматында «Біз бірге COVID-19-ға қарсымыз» тақырыбында Саммит өткізу туралы бастама көтерді. Қатысушы мемлекеттер бірауыздан қолдаған бұл бастама Әзірбайжанның коронавирусқа қарсы халықаралық ынтымақтастықтағы мен көшбасшылығының тағы бір мысалы болып табылады. Бірқатар мемлекеттерден озып, Әзірбайжан коронавируспен күресті қолдау Қорын құрды. Мемлекет алдын ала қорға 20 миллион манат бөлді. Президент Ильхам Алиев пен бірінші ханым Мехрибан Алиева қорға жылдық еңбекақыларын аударды. Кейіннен бұл бастама кеңейіп, халқымыздың жақсы дәстүрлеріне жаңа дем берді. Адамзат тарихында қиын және күрделі жағдайлардан халықты көшбасшылардың саяси еркі мен көрегендігі құтқарды. Үлкен қиындықтар кезінде әр басшының алдында тұрған басты міндет бұл – құтқару. Еске алайық, 1993 жылы жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиев Әзірбайжанды өлім  қаупінен аман алып қалды. Бүгінгі таңда ұлы көшбасшының саяси мұрагері Ильхам Әлиев індет кезінде бұл миссияны сенімді және сәтті орындап келеді. Президентімізбен бірге біз көптеген қиындықтар мен сынақтарды еңсердік. Біз коронавирусты міндетті түрде жеңеміз. Әрине, тағы да бірге!  

                Аслан АСЛАНОВ,

               АЗЕРТАДЖ Басқарма Төрағасы

               OANA вице-президенті