Қолы сынып, басы жарылды: Сиви Махмуди жол апатына ұшырады (видео)

02 Қыркүйек, 2019 296 0

Zakon.kz редакциясына өткен демалыс күндері орын алды делінген жол-көлік оқиғасының суреттері мен видеосы жолданды.

Куәгердің айтуынша, жол-көлік апатынан қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди зардап шеккен.

- Әнші Сиви Махмуди жол-көлік апатына ұшырады. Екі қолы сынып, басы жарылды. Сивидің өзі көлік рөлінде болған, - дейді куәгер.

Видеода соғылған автокөліктер түсірілген. Кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, үш автокөлік соғысқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тегтер: СивиМахмуди, жолапаты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.