Алматы облысында бойжеткенді отбасылық танысы зорлап кеткен
Алматы облысында бойжеткенді отбасылық танысы зорлап кеткен

"Оның есімі - Бекжан. Біздің отбасымыз оны бұрыннан таниды. Алғаш рет онымен менің ұлым танысқан. Ол ұлымды жұмысына алып барып келетін. Кейіннен қызымды да таситын болды. Оның мұндай әрекетке барады деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірмепті. Мен қызыма жұмыстан қайтар уақытында үнемі қоңырау шалатынмын. Сол күні хабарласа алмадым. Ол бұл туралы ағасына айтқан. Ол жаққа барғанымызда оның денесі көк ала қойдай, көзі жасқа толы екенін көрдік", - дейді жәбірленушінің әкесі.Оқиғадан кейін Айжан полицияға шағымданған. Алайда ол істің созылып кетуінен қорқады. Өйткені құқық қорғау органдарында күдіктінің бауыры жұмыс істейді екен. Ол бұған дейін отбасыға келіп бір миллион теңге ақша ұсыныпты.
"Несие алдым, міне, сіздерге бір миллион теңге" деп ақша ұсынды. Мәселені ақырындап шешеміз. Сіздер қазір ақшаны алыңдар" дейді. Әкем қызымды сатпаймын деп кесіп айтты. Одан кейін күдіктінің туыстары да, жасы үлкен әжелері де келіп кешірім сұрады. Айтуларынша, ер адамның әйелі ажырасуға сотқа жүгінген, отбасыларының шырқы бұзылыпты", - дейді жәбірленушінің туысы.Өз кезегінде Алматы облысының ПД өкілдері аталған оқиға бойынша іс қозғалып, қатаң бақылауға алынды деп қысқа қайырған. Сот сараптамалары тағайындалған. Ал бойжеткеннің жақындары істі соңына дейін алып баруға бел буған. Олар күдіктіге ең ауыр жазаны тілеп отыр.