Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды

12 Шілде, 2018 1269 0

Қытайлық жұмысшылар 9 сағаттың ішінде Қытайдың оңтүстігіндегі Фуцзянь провинциясының Лунъянь қаласында жаңа Наньлун вокзалына теміржол торабын салып, таңғаларлық нәтиже көрсетті.

Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні 1500 жұмысшы, 7 пойыз және 23 экскаватор Қытайдағы ең үлкен Ганьлун, Ганьжуйлун және Джанлун теміржол желісін жаңа Наньлун желісімен байланыстырды. Олар тек қана жол салмай, сонымен қатар бағдаршам мен қозғалысты бақылау құралдарын орнатты.

«Tiesiju Civil Engineering» тобының жетекшісінің орынбасары Джань Даосун жобаның қысқа мерзімде орындалу себебін түсіндіре кетті. Оның айтуынша, қызметкерлер бір мезгілде әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін жеті бригадаға бөлінген.

Дереккөз: https://kaz.caravan.kz

Тегтер: қытай, теміржол, пойыз, жұмысшы, еңбек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.