Жамбыл облысында "Жасырын тұтынушы" əдісі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілді

30 Тамыз, 2019 62 0

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ бірінші әлеуметтік бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша Жамбыл облысы аумағында мониторинг жүргізді. 

Жобаның мақсаты: Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу. 

Жоба міндеттеріне бес әлеуметтік бастаманы іске асырудың қоғамдық мониторингін үйлестіру, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді анықтау және шешу бойынша өңірлерде мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің 2019 жылдың 11-19 шілде аралығында Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандарында және Тараз қаласында Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша«Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу мемлекеттік грант аясында «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізілді.  

Атап айтқанда, «Жасырын тұтынушы» әдісі облыстағы 34 мекемеде жүргізіліп, 11 кемшілік анықталды. Оның ішінде мемлекеттік қызметті алушыларға ақпарат толық берілмеуі, қызмет көрсетуде анық және нақты ақпараттардың болмауы, қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің арасында делдалдардың болуы, қызмет алушылар жағдай қарастырылмағандығы, күту залының тарлығы, орындықтардың жетсіпеушілігі, мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандардың біліктілігінің төмендігі сияқты кемшіліктер орын алды. Мысалы, Тараз қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде кеңес беруші маман еңбек демалысына шығып кеткен, орнындағы мамандар ақпарат болмағандықтан кеңес бере алмады. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жатақхана мәселесіне байланысты толық ақпарат бере алмады. Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Жамбыл облыстық орталық кеңсесінде де уақытылы қызмет көрсетілмеді, ұзақ күтуге тура келді.  

Сонымен қатар, Талас, Қордай, Сарысу, Шу аудандары  бойынша да мемлекеттік қызмет көрсетуде бірқатар кемшілікті мәселелер орын алды.  

Жамбыл облысы бойынша жүргізілген қоғамдық бақылау қорытындысының нәтижелері бойынша қала, аудан басшылықтарына хаттар жолданып, ұсыныстар мен кемшіліктерді қарастыру ұсынылды. 
Аталған кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы деңгейіне жету үшін осындай қоғамдық бақылау мониторингтерін жиі өткізіп отыруды қолға алған дұрыс деп санаймыз.

Тегтер: «Азаматтықбақылау», мониторинг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.