Жаңалықтар

Бізде қанша екен? Ресейде «үндемес» депутаттар саны белгілі болды

Бізде қанша екен? Ресейде «үндемес» депутаттар саны белгілі болды

 width= 20-дан астам ресейлік депутаттар 10 жылдан астам жұрт назарына түспей, үндемей жұмыс істеп келген деп жазады stories.media басылымы. Аталмыш басылымның жазуынша мұндай депутаттар үндемей отырса да ай сайын 470 мың рубль (2 731 385,49 теңге – newsroom.kz ескертпесі) жалақы және депутатқа тән иммунитетке ие болып отырған. 22 депутат 10 жыл бойы бір де бір рет үндемеген. Олардың ішінде «Единая Россия» және коммунистік партияның өкілдері де бар. Znak.com жазуынша ресейлік бір депутат өз өкілеттілігінің аясында 46 мәртедей сөйлейді екен. Ал, қазақстандықтар жақсы танитын В.Жириновский (ЛДПР партиясының көсемі) осы уақытқа дейін 4 000 рет сөз сөйлеген. Коммунистер партиясының өкілі және КПРФ фракциясының бірінші орынбасары Николай Коломойцев 5000 мәртедей баяндама жасаған. Думаның бір депутаты бір шақырылым барысында 55 заң жобасын енгізсе, кейбір депутаттар 5 жыл ішінде 5-ге де жетпейтін заң жобасын ғана ұсынған. Жуырда ғана Әлем парламентарийлер күнін атап өтті. Статистикаға сүйенсек, қазір Әлем бойынша 46 000 жуық депутат міндетін атқарады екен.