Өзбекстанда ковид жұқтырғандар саны екі есеге артты
NewsRoom
Өзбекстанда ковид жұқтырғандар саны екі есеге артты
Ташкентте ковид дертінен емделушілер үшін спорт кешендерін емханаға айналдыруда деп жазады newsroom.kz тілшісі trtrussian.com сілтеме жасап.
Соңғы екі аптада Өзбекстанда ковид жұқтырғандар саны екі есе артып, күнделікті ем қабылдауға түсіп жатқан аурулардың саны 500-ге жеткен.
Тәшкен қаласының әкімі Жохонгир Артыкходжаев «Ешлик» спорт кешенінде 504 адамға арналып ашылған жаңа ем алу кешенін барып көрген. Дегенмен қазір көршілес елдегі эпидахуал әлі де қауіпті. Жаңа дельташтаммның кесірінен Орталық Азиядағы карантин режимі әлі де күшейтілуі мүмкін дейді мамандар.