Әлем чемпионатына барар жолда қазақстандық блогер әкесімен бірге жол апатынан қаза тапты

12 Шілде, 2018 714 0

Әлем Чемпионатына бара жатқан жолда қазқастандық видеоблогер Stence лақапатымен танымал Сұңқар Қилаж  әкесімен және бауырымен бірге қаза тапты, - деп хабарлайды URA.RU ақпарттық порталы. 

Жігіт пен оның әкесі және бөле ағасы жантүршігерлік жол көлік апатына ұшараған. Бұл оқиға Челябі облысының Сим қаласына жақын жерде болған. Жеңіл автөкөлік қарсы жолда келе жатқан көлікпен соқтығысып, екі автокөлік те оқиға орынында жанып кетті. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.   Қайғылы оқиға 6 шілдеде болған. Бірақ тек қазір автокөлік ішінде кім болғаны анықталды. Сұңқар Қилаж YouTube арнасында Stence Show арнасында компьютерлық видеоойындар мен онлайн ойындардың видеоларын жариялайтын. Оған қоса "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Stence page парақшасында әзілге арналған паблигін жүргізген.

Блогердің қазасы туралы ақпаратты Stence page парfқшасы мен Сұңқарға арналған арнайы топта естіртті. Жігіт 9 шілдеде Петропавлда жерленген. "Біз Сұңқардың жақындарына сабыр тілейміз. Сұңқар әрдайым күлімсіреп, жанында жүрген адамдарға шаттық сыйлайтын және адал бос болған еді" , - деп жазды блогердің таныстары.

Дереккөз: https://tengrinews.kz

Тегтер: блогер, чемпионат, әлем, футбол, ажал

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.