«Карантиндегі білім беру: Қазақстан және Әлем» атты баспасөз конференциясы өтті
«Карантиндегі білім беру: Қазақстан және Әлем» атты баспасөз конференциясы өтті

«Елдің ертеңі – саналы ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ісі маңызды екені белгілі. Ал, қазір күллі әлем бетпе-бет келген қашықтан оқыту жүйесі – сіз бен бізді алаңдататын бүгінгі күннің өзекті, өткір мәселесі болып отыр. Өткен жылдан бастап залалын тигізген пандемия бірқатар мамандықтарды шеттетіп, жаңа үдеріс пен үрдістер қалыптастырды. Осы орайда Daryn online білім беру платформасы білім көкжиегіне жаңа белесті бағындыруда біраз ықпал жасады. Миллиондаған оқушы мен мыңдаған ұстаздар онлайн білім беру жүйесіне оңай машықтанды» - деді өз сөзінде Daryn online платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай.Білім платформасы білім экожүйесін құрастырып, барынша сапалы қызмет көрсету үшін күш жұмсайды. Бірқатар жаңа жобаларды қолға алып, уақыт пен қашықтыққа қарамай оқушылардың қажетті білім алуын қамтамасыз етуде. Осы орайда жаңашыл білімнің жандануына сеп болып отырған Ғылым және Білім министрі Асхат Аймағамбетовке зор алғыстарын білдіреді.
«Әлемге төнген індеттің нәтижесінде біз көптен бері қолға алу керек болған жаңа үрдіске көштік. Бұл – «онлайн» үрдіс. Әлемдік білім беру әдістеріне қарасақ, онлайн формат жеткілікті түрде дамып кеткен. Сондықтан пандемия кезінде де, одан кейін де қашықтан оқудың пайдасы көбірек. Осы орайда Daryn online платформасы Daryn Tutor, Daryn Teacher, Horda, Daryn Tandau секілді жобаларды қолға алып, көпшіліктің игілігі үшін қызмет атқаруда» - деді Daryn online платформасының директоры Асқар Мақсат.Баспасөз конференция қорытындысы бойынша, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар және жасалынатын жобалардың ұстаздар мен оқушылар үшін тиімділігі сарапталды. Қазақстанның білім беру жүйесін, озаттық көрсеткішін әлемнің алпауыт мемлекеттерімен теңестіру үшін бірқатар жолдар қарастырылды.
