Теміртауда өрт шықты: 700 саяжай үйі жанып кетті

01 Қыркүйек, 2019 221 0

Теміртауда "Металлург КМК" саяжайлық жерінде алапат өрт болып, жүздеген үй жанып кетті. Екі адам зардап шекті. Өрт туралы patriotkaragandy Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалынмен күресуге 64 өрт сөндірушы және 7 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге қатты соққан жел кедергі болды. 

"Өрт сөндірушілер ең бастысы үйлердің, теміржолдарды, "Жаңа ауыл" және "Металлургическая" станцияларына өрттің жайылмауын қадағалады. Солардың арқасында бұл аймақтар аман қалды",  - деп хабарлайды Төтенше жағдаайлар комитеті басқармасы.

Өрт сөндірушілер 1932 және 1936 жылы туған екі әйелді алып шықты. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Біреуі өзін жайсыз сезінгенін айтса, екіншісі ІІ және ІІІ дәрежедегі бетінен күйік алған. 

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша,  700 иесіз үй және 20 қолданыстағы аймақ, 160 гектар болатын жерді өрт шарпыған.


Тегтер: Теміртау, саяжай, өрт, үй

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.