Атамқұлов Сербияға Елші болып тағайындалды
Атамқұлов Сербияға Елші болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Сербиядағы Елшісі лауазымына тағайындалды деп жазады newsroom.kz порталы.
1974 жылы 27 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.
Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген. 2003 жылы Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік емес секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте жұмыс істей бастады. 2006 жылдан бастап Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып, СІМ Орталық аппаратының осы бөлімшесінің басшысына дейін қызмет етті. 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бастап ҚР Президенті Протоколының басшысы болды.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.