Жаңалықтар

Сенсация: Путин Елбасыға Кенесары ханның басын тауып беруге уәде етті

Сенсация: Путин Елбасыға Кенесары ханның басын тауып беруге уәде етті

 width= Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы өзінің блогында жазды деп хабарлайды newsroom.kz порталы. РФ Президентімен кездесу барысында Кенесары ханның басына қатысты Елбасы уәжіне Путин жан-жақты көмектесуге уәде еткен. Екі тараптағы кездесу кезіндегі негізгі тақырып қазақ халқы үшін қастерлі болып саналатын соңғы ханның сүйегіне қатысты тақырып кездесуге арқау болған. Сондай-ақ, Елбасы қазақтың соңғы ханының басы елге жерленіп, рухы мәңгілікке тыныш табуына баса мән берген. Осы орайда В.В.Путин Ресей тарапы бұл жағдайда барынша көмектесіп, артефакттың табылып, еліне ораларына уәде берген.