Қазақстандықтардың екпе алуға міндеттелгені рас па?
Қазақстандықтардың екпе алуға міндеттелгені рас па?
Енді індетке қарсы екпе алу міндет! Өйткені бұдан былай вирусқа қарсы вакцина салмаған қазақстандықтар үшін жұмыстың есігі тарс жабылады. Елдегі бірқатар ұйымдар үшін ерікті екпе міндетті шараға айналды. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасапм хабарлайды.
Тізімге қоғамдық тамақтану орындары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, екінші деңгейлі банктер, сауда орындары, фитнес орталықтар, қонақ-үй, әуежай мен вокзалдар еніп отыр. Одан бөлек, ойын-сауық, медицина және білім беру орталығының қызметкерлері де екпенің қос компонентін қабылдауға міндетті.
Тек вируспен ауырып шыққанына 3 ай болмаған науқастар мен бойында түрлі созылмалы аурулары бар жандар ғана екпе салдырмаса болады. Ал вакцинадан бас тартқан қалған қазақстандықтар енді апта сайын ПТР тест тапсыруы тиіс. Айта кетейін, тиісті сынаманың бағасы арзан емес. Шамамен 7-8 мың теңгенің аралығында.
https://www.youtube.com/watch?v=401pRIHMLrY