Ақан Абдуалиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

29 Тамыз, 2019 173 0

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан  Абдуалиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

1975 жылы туған. 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. Әр жылдарда «Қазақконцерт» РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың маусым айынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған.  

2018 жылдан  бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Тегтер: АқанАбдуалиев, өнеракадемиясы, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.