Үкіметтік емес ұйымдарға үміт мол

29 Тамыз, 2019 292 0

Елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын бірден бір сала – үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы, үкіметтік ұйым дегеннің өзі азаматтық қоғам құруға бағыт алу деген сөз, яғни, оған кез келген ниетті азамат қызмет ете алады. Сондықтан 2002 жылы Үкімет қаулысымен осындай ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілген болатын. Соған сәйкес, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы да қабылданды. 

Содан бері Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туып, нәтижесінде қазіргі таңда 19 мыңнан астам үкіметтік ұйым қызмет етеді.  Соның 20 пайыздан астамы Алматыда. Яғни, мегаполисте бүгінде 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. 

Тек саны көбейіп қана қоймай, соңғы бес жылда аталған ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін де үш есеге арттырып, 2,8 млрд. теңгені игерген. Әлеуметтік жобалардың негізгі тапсырыс берушілері – Қоғамдық даму, Әлеуметтік әл-ауқат және Денсаулық сақтау және Жасыл экономика басқармалары.

Ал, 2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі 84 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Аталған жобалар Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттарын түсіндіруден бастап, мүмкіндігі шектеулі жандар мен оралмандарға, зейнеткерлерге, тіпті түрмеден босатылған адамдардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесуге, терроризм мен экстремизмге қарсы тұруға, жастар бастамаларын қолдауға, әйелдер көшбасшылығы мектептері мен үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. 
ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі де ауылды жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасын қолға алды. Соның негізінде түрлі семинар-тренингтер өткізіп, сондай-ақ осы саладағы гранттар мен өзекті ақпараттарды орнатуға болатындай ақпараттық сайт құруда.

Тегтер: үеұ, қазақстан, тапсырыс, сенім, жаңалықтар, әлем, бағдарлама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.