Жаңалықтар

Әлемде талай қызық бар, нанбасаңыз қараңыз

Әлемде талай қызық бар, нанбасаңыз қараңыз

 width=
  •  Ұшақпен ұшатын адамның шашы жерде жүрген адамға қарағанда екі есе тез өседі;
  • Қызанақ көкөніс емес, жеміс;
  • Үндістанның ұлттық валютасы – рупияны бұл елге шеттен әкелуге және мемлекеттен әкетуге заң жүзінде тыйым салынған;
  • Шаянның жүрегі басында орналасқан;
  • Қорылдап ұйықтайтын адам мүлде түс көре алмайды;
  • Аралардың екі асқазаны бар: бірі балға, бірі тамаққа арналған;
  • Египетте 200 жылда бір рет найзағай ойнайды;
  • Белгілі актер Чарли Чаплин кейіпкерлері арасындағы байқауға қатысып, үшінші орын алған;
  • Әлемде әр 10 секундта 26 сәби дүниеге келеді;
  • Орташа алғанда балалар күніне 400 рет, ал ересектер 15 рет күледі;
  • Алты-жеті айлығына дейін сәби бір уақытта тамақ ішіп, дем ала алады. Ересектер мұны істей алмайды;
  • 100 жасқа дейін өмір сүретін қарттардың 80 пайызы әйелдер;
  • Адам терісіндегі тірі организмдер Жердің жалпы тұрғындарынан бірнеше ондаған есе көп;
  • Дүние жүзінде 365 миллион адамның жеке компьютері бар. Әлем халқының жартысы компьютер мен телефонның не екенін білмейді;
  • Ғашығына қараған адамның қарашығы 45 пайызға үлкейеді;
  • Әлемде ешкім көзін ашып, түшкіре алмайды;
  • Ғарышта көзден жас шықпайды. Гравитацияның жоқ болуы әсерінен жас кішкентай көпіршіктерге айналады да көзді ашытады;
  • Әр көзде 107 миллионнан астам жасуша бар, олардың барлығы жарықты сезінеді;
  • Әйелдер ерлердің көзіне қарап, олардың нақты мақсаттарын анықтауы үшін 8 секунд қажет;
  • Нәрестелер заттарды тек 38 сантиметр қашықтықта көре алады;
  • Бір нәрсе көзге түскенде, жылағанда немесе есінегенде көздің құрамы өзгереді;
  • Әр түрлі инфекциялар мен вирустар ағзаға мұрын және ауыз арқылы енгендей, көз арқылы да енуі мүмкін;
  • Құмырсқалар илеуін жылыту үшін алдымен күн сәулесіне шығып жылынады да қайта илеуіне кіреді. Осылай илеудегі температура сыртқы температурадан +10 градусқа жылы болады;
  • Әлемде күріштің 7000 түрі бар. Біз бірақ оның сатылатын 10 шақты түрін білеміз;
  • 100 грамм бал жинау үшін аралар Жердегі экватор ұзындығынан көп, яғни 46 000 шақырым жүруі керек;
  • Кәдімгі бақа өмірі барысында 3 тонна шыбын мен масаны аулайды.

Онлайн Қазақстан