Әкесі мен қызы жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды
Әкесі мен қызы жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды

Нұрәли ӘЛИЕВ, Жамбыл ауылының тұрғыны: "Қарасам дөңгелегінің астынан бала шықты. Ел ашуланып барып жиналды, көрді. Бала мына жағында, әкесі ана жағында жатқан «ЗИЛ-дің». Екеуі екі жағына тастады ғой. Кішкентай бала анау столбаның астында болған".Жол апатынан әкесі мен қызы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Періштесі қаққан үш жасар ұл бала аман қалды. Марқұм болған ер адам 6 жылдан бері осындағы базарда етікші болған екен. Ал, жұбайы шаштаразда істейді. Ешкімге жамандығы жоқ атпалдай азаматтан аяқ астынна айырылып қалғандарына мұндағылардың барлығы қапалы. Қоларбада отырған 3 жасар бүлдіршінді жедел жәрдем қызметкерлері Қарасай аудандық ауруханасын жеткізген. Ақ халаттылар оның жағдайы орташа ауыр дейді.
Ләйлім ӘУБӘКІРОВА, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі: "Бала қажетті тексеруден өткеннен кейін аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды. Ол оқиға салдарынан жабық ми жарақатын алған және миы шайқалған. Сонымен қатар баланың басы мен беті жарақат алған. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр".Ауыр жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші қазір қамауға алынған. Үш адамды қағып, екеуі қаза тапқандықтан құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс қозғаған.
Ақбота ӘЗІРБЕК, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі: "45 жастағы жүк көліктің жүргізушісі Қарасай ауданында Жамбыл ауылының маңында рұқсат етілген жерден жолды өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қаққан. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды".Жергілікті тұрғындардың айтуныша, бұл соңғы үш жылдың ішінде болған мұндай қайғылы жағдай екен. Келешекте мұндай жағдай болмас үшін жергілікті билік көшедегі қауіпсіздік мәселесіне жіті назар аударса дейді. Ал жақындарынан бөлек базардағы сатушылар да талай жылдан бері танитын жанды бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Осы бір сұмдық оқиғадан кейін жамбылдықтар көшеден ары-бері өтуге қорқып қалдық деп отыр. https://www.youtube.com/watch?v=71LWSKKMccc