LRT құрылысы қайта жанданды
LRT құрылысы қайта жанданды

Аcқат МЫРЗАБАЕВ, құрылыс алаңының инженері: "Күн жыли бастаған кезден бастап, балканы қою жұмыстарын бастап жатырмыз. Сенбі күні бірінші балкамызды қоюға ниеттеніп жасап едік, өкінішке орай техникалық ақауларға байланысты осындай жағдай болып, қайтадан тоқтап қалды".Бұл құрылыс жұмыстары ұзындығы 22 шақырымды құрайтын жеңіл рельсті метроның қай бөлігіне дейін жалғасатыны белгісіз. Қазір, Қытайдан бірнеше маман жұмыс істеп жатыр екен. Бір қызығы, бетон қондырғыларды орнату тек шетел азаматтарының ғана қолынан келеді-мыс. Ал, біздікілер оларға шама-шарқынша көмектесетін болады. ЛРТ-ны аяқтауға қанша қаражат бөлінгені жөнінде жауаптылар жақ ашпады. Тек құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық қызу жүріп жатқанын растады. Жеңіл рельсті метроны соңына дейін жеткізу үшін Қытайлық компаниямен келісімшарт жасалыпты. CITY TRANSPORTATION SYSTEMS компаниясының ресми мәлімдемесінен үзінді
"Мердігер қытайлық консорциум қазіргі уақытта келісім-шарттық міндеттемелер шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жүргізіп жатыр. Пандемияға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі түзетілді. Өйткені, оған дейін қытай мамандары елімізге кіре алмады".Еске сала кетейін, жуырда ғана осы "Астана ЛРТ" ісіне қатысты сот отырысы аяқталған еді. Фемида өкілдері әртүрлі лауазымда болған 7 азаматты 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, прокурор айыпталушылардан 5 млрд теңге өндіріп алу жөнінде сұрады. Ал, бүкіл былықты бастаған қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана ЛРТ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жариялнған. https://www.youtube.com/watch?v=P-t4Rr0xTdc