Қала әкімі жыныстық қатынас кезінде көңілдесімен түскен суретінен соң жұмыстан қуылды

27 Тамыз, 2019 686 0

Интернет сайтына Дилмурод Рахматуллаевқа ұқсас ер адам мен әйелдің төсек қатынасы кезіндегі құшақтасқан суреті мен видеосы келіп түскен. Кейбіреулердің айтуынша, бұл суреттерді оның көңілдесі түсірген.

26 тамызда Әндіжан қаласының әкімі Дилмурод Рахматуллаев қызметінен босатылған. Рахматуллаевты жұмыстан шығаруға тұрғындардан түскен оның жұмысына қатысты шағымдары себеп болған. Алайда, кейбір өзбекстандық басылымдар, Әндіжан әкімінің көңілдесімен жыныстық қатынас кезіндегі суреттерінің желіде тарап кеткеннен кейін қызметінен босатылғанын жазады, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ахбор» сайтына сілтеме жасап.

Интернет сайтына Дилмурод Рахматуллаевқа ұқсас ер адам мен әйелдің төсек қатынасы кезіндегі құшақтасқан суреті мен видеосы келіп түскен. Кейбіреулердің айтуынша, бұл суреттерді оның көңілдесі түсірген. Өйткені әйелдің көзі мен кеудесі көрсетілмейді, ал ер адамның денесі ашық.

Дилмурод Рахматуллаевтың абыройын осылайша төгуге кімнің септігі бары әзірге белгісіз. 

Белгілі болғандай, Дилмурод Рахматуллаев Әндижан қаласын 2016 жылдан бері басқарып келген. Оның орнына уақытша әкім болып Бахромжон Носирбайұлы Хайдаров (1972 ж.т.) келді. Ол бұрын Андижан облысы әкімдігінің Бас Қаржы басқармасының бастығы қызметін атқарған.


Тегтер: әкім, жұмыс, әйел, көңілдес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.