Алматы тұрғыны нөмірін сатып жібергені үшін «Kcell»-ді сотқа беріп, жеңіске жетті

11 Шілде, 2018 822 0

Алматы тұрғыны нөмірін заңсыз сатып жібергені үшін «Kcell» АҚ-ны сотқа беріп, сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алмалы аудандық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес, ер адам 2017 жылы наурызда «Kcell» компаниясынан VIP нөмір сатып алған. 

19-маусымда ол компанияға нөмірін қайта қалпына келтіру туралы арыз жазған. Алайда, оның арызын «Kcell» компаниясы қабылдамай, бұл нөмірдің басқа біреуге сатылып кеткенін айтқан. Кейін анықталғандай, оның нөмірін Орал қаласындағы бөтен адам сатып алып, Beeline операторына ауыстырып алған. 

Істі қарау барысында сот қолтаңбалық сараптама тағайындады. Нәтижесінде 8-тамыздағы нөмірді басқаға ауыстыру туралы арызда жәбірленушінің қолы жалған екені анықталған. Сонымен қатар, жәбірленушінің 2017 жылдың тамызында Орал қаласында болмағаны белгілі болды. Осылайша Алмалы аудандық сотының судьясы жәбірленушінің нөмірін басқа адамның атына қайта тіркеу туралы құжатты жарамсыз деп тапты.

Тегтер: алматы, кселл, байланыс, оператор, сот, қазақстан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.