Жаңалықтар

Бізге де керек-ау: Қытай легионер футболшылардың жалақыларына лимит қойды

Бізге де керек-ау: Қытай легионер футболшылардың жалақыларына лимит қойды

 width= Енді Қытайда доп тебетін шетелдік легионерлердің жылдық айлығы 3 млн еуродан аспауы тиіс. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі sports.ru сілтеме жасап  жазуда. Енді қытайлық Суперлига футболшылары бұрынғыдай әлемде жоқ жалақы ала-алмайды. Мәселен, «Шанхай СИПГ» клубында доп тебетін бразилиялық Оскардың апталық табысының өзі 450 мың еуро! Дегенмен бұл тыйымдар 2021 жылға дейін бекітілген келісім-шарттарға қатысы жоқ және бонустар бұл шектеуге кірмейді. Жергілікті миллионер футболшылардың жағдайы тіпті қиын. Енді олардың жылдық айлығы 5 млн юаннан яғни шамамен 600 мың еуродан аспауы керек екен. Одан бөлек тұрғылықты футболшылар айлықты тек юаньмен ғана алады. Осыдан ба, қазір Қытайда доп тебетін шетелдік футболшылардың кетуі жаппай байқалуда.