Заң бұзған түлектер түрмеден бір-ақ шықты
Заң бұзған түлектер түрмеден бір-ақ шықты

Бағдат ХАЛИБЕКОВ, жас түлек: «Чем қағазға қарағанда, компьютермен тапсырған ыңғайлы. Себебі лично өзімде, қағазға бояғанда қате көп кететін, и мен өзімнің тиісті балымды ала алмайтынмын. Ал мұнда можно белгілемейсің. И артқа қайтуға болады. Ал қағазға бір белгілесең, артқа қайтуға болмайтын еді».Иә, бұл формат бұрынғыдан әлдеқайда ерек. Түлектерге бар жоғы біліміне сену керек. Өйткені ыңғайына қарай, оқушының бүкіл жағдайы жасалған ба дейсің.
Наужан ДИДАРБЕКОВА, ұлттық тестілеу орталығы басшысының орынбасары: «Бала өзі таңдайды. Күнін, орнын өзі таңдайды. Мысалы ҰБТ бізде екі реттен өткізіледі. Ол таңертен тапсыра ма, түстен кейін тапсыра ма, яғни, өзіне ыңғайлы уақытты таңдай отырып тапсырады».Бірақ, әрине, талап қатал. Камераға оқушының көшіргені жазылса, бірден тест тапсыру мүмкіндігінен айырылып жатыр.
Бөгенбай СЕРІКБАЙ, білім беру орталығының басшысы: «Өте қатты қиын сұрақтар да емес. Мысалы математиканы салыстыратын болсақ, көрші елдермен салыстырсақ, ең жеңіл математика тесттері бізде деп айтуға болады 11 сыныптарға арналған. Сондықтан қатал түрде өткені дұрыс деп ойлаймын».Алайда соған қарамастан, жылдағы дәстүрден жаңылмай, қитұрқы әрекеттерге барған түлектерді де көз көрді, заманына қарай көмекші құралдары да өзгерді. «Бізде бір тестіленуші өзінің жоғары жағындағы камераға скотч жабыстыруға талпынған.
Наужан ДИДАРБЕКОВА, ұлттық тестілеу орталығы басшысының орынбасары: «Енді адамның фантазиясы деген әр қилы ғой. Сондықтан әркім шамасы келгенше дайындалған болар».Телефонын да қайда ғана жасырмады десеңізші? Қыздар смартфонын кеуде тұсына, шоколадтың қаптамасына салса, жігіттердің 45 размерлі аяқ киімді киюі де бақылаушылардың күмәнін бекер тудырмапты.
Бөгенбай СЕРІКБАЙ, білім беру орталығының басшысы: «Бір шпаргалка немесе оған шамалы ұмтылыс ұмтылыс болатын болса, онда сразу акт толтырылып, шығарылып жатыр ғой. Ол дұрыс деп айтуға болады. Ол уже кішкентай бала емес, 18 жасар бала, жауапкершілікті сезіну керек».Алайда, жауапкершілікті бәрі сезіне қалса қане? Бақ шаба ма, бап шаба ма деп жүріп, болашағына балта шапқандар да бар. 4 түлек, жалған құжат жасап, орнына өзге адамды өткізбек болғандары үшін ұсталды. Енді оқушылардың үстіне қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жарияланбады, белгілісі арасында «алтын белгі» иесі де бар. Енді қулығымен сынақтан қуылғандардың алдағы тағдыры құқық қорғау органдарының қолында. Ал жалпы ұлттық біріңғай тестілеудің өзі әлі маусымның 30-ына дейін жалғаспады. https://www.youtube.com/watch?v=3E9P3IAzJcs