Зеленский Саакашвилиді жаңа қызметке тағайындады
Зеленский Саакашвилиді жаңа қызметке тағайындады
Украина президенті Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиді Реформолар комитетінің басшысы етіп тағайындады. Зеленскийдің тағайындау туралы бұйрығы украиндық басшының әлеуметтік парақшасында жарияланды деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі novayagazeta.ru-ға сілтеме жасап.
«Михаил Николаевичті жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Ол Ұлттық реформалар кеңесіне көмектесіп, елдегі тұрмыстың жақсаруына ықпал етеді деп сенемін», - деді Украина президенті.
Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енбек. Онда елдегі реформалар нысандарының да қызмет жоспарына бірқатар өзгерістер енгізу туралы айтылған. Бұл органды экс президент Петр Порошенко құруға мұрындық болған.
Өткен жылдың мамыр айында Зеленский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайта берді. Ал биылғы жылдың 22-сәуірінде Зеленский Саакашвилиге реформалар бойынша вице-премьер болуға ұсыныс жасаған еді.
Еске сала кетсек, Грузияның экс президенті Михаил Саакашвили Украинадағы саясаттағы қызметін 2015 жылы бастаған болатын. Украинаның экс-президенті Петр Порошенко билікке келген соң, Саакашвилиге Одесса облыстық мемлекеттік админстрациясының басшысы қызметіне тағайындаған еді. Ал 2017 жылы Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Грузияның бұрынғы президенті Саакашвилиді қызметтен босатып, азаматтығынан айырған. Кейін Саакашвили Польшада бас сауғалады.
Ал Грузия әлі күнге дейін Саакашвилидің экстрадициясын талап ететінін, оның үкіметте қызметке тағайындалуы екі мемлекеттің арақатынасын нашарлататынын айтуда.