"Саясатқа саналы түрде келдім": Нұрлан Әлімжан депутаттығы туралы

26 Тамыз, 2019 353 0

Нұрлан Әлімжан депутаттығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Жақында белгілі өнер иесі Нұрлан Әлімжановтың мәжіліс депутатына кандидаттығын ұсынғаны белгілі болды. Актер парламенттің төменгі палатасында шенеунік болудан үмітті көрінеді. Мемлекеттік қызметке ауысу туралы Нұрлан Әлімжановтың өзі айтып берген болатын. 

"Ия, әрине, бұл мен үшін жаңа белес. Мен әрқашан елге және қоғамға пайдалы болуға тырыстым. Маған мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Мені депутаттыққа ұсыну туралы шешім күтпеген жерден қабылданды деп айту қателік. 2017 жылы мен депутаттыққа үміткер болдым. Мен "Нұр Отан" партиясының құрамына 2009 жылдан бері бармын", - дейді Нұрлан Әлімжанов. 

Бұрыннан-ақ партия құрамында болған ол тағдырына алғыс айтты. Адам жаңа белесті бағындыру үшін үнемі дамып отыру керек деп қысқа қайырды ол. Өнер иесінің айтуынша депутат болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дегенмен, ол саясатқа саналы түрде келдім деп ағынан жарылды.

"Мен осы ауқымды жобаға қатысқаным үшін тағдырыма ризамын. Бұрындары меннен саясатқа барғыңыз келе ме деп жиі сұрайтын, дәл солай болды. Егер адам өзін-өзі жетілдіруді тоқтатпай, күн сайын дамып, алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойса, оларға қол жеткізеді. Мен саясатқа саналы түрде келдім деп нақты айта аламын. Қалай болғанда да, мені депутат етіп сайлау үлкен жауапкершілік жүктейді және мен Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге бар күшімді саламын", - дейді Нұрлан Әлімжанов. 

Тегтер: НұрланӘлімжан, депутат, саясат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.