Жаңалықтар

Неліктен Азияда пышақпен шанышқы орынына таяқшалар қолданылады?

Неліктен Азияда пышақпен шанышқы орынына таяқшалар қолданылады?

 width= Алғаш рет таяқшалармен тамақтануға тырысқандардың көбісі қатты күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін. Таяқшаларды саусақтармен ұстап тұру қиын, таяқашадан тамақ сырғып кете береді.  I Found out мәліметтері бойынша, таяқшалар шамамен 4000-5000 жыл бұрын Қытайда қолданыла бастады. Бірақ олармен тамақ жеген жоқ. Оларды  суға немесе майға толтырылған кәстрөлдер мен табалардан  тамақты шығаруға қолданған.  Алайда, б.з. д. 400 жылы адамдар таяқшаларды ас құралдары ретінде қолдана бастады. Бұған бірнеше себептері түрткі болды. Бұл ауысуға ықпал еткен факторлардың бірі бүкіл ел бойынша халық санының өсуі. Тамақ дайындауға арналған ресурстар жеткіліксіз болды. Сондықтан аспазшылар тағамды тез пісіріп, отынды үнемдеу үшін кішкене кесектерге бөле бастады. Тамақтың кішкене бөліктері пышақты қолдану қажеттілігін жойды. Таяқшалар да арзан  балама материалдардан жасалған және өндірушіден арнайы дағдыларды қажет етпеді. Сонымен қатар, "пышақсыз" тамақтану әдісі Қытай философы Конфуцийдің бейбіт және зорлық-зомбылықсыз ілімдеріне сәйкес келді.  Конфуций айтқандай: "асыл және адал адам қырғыннан да, ас үйден де аулақ жүреді. Және ол үстелге пышақты қоюға рұқсат бермейді». Нәтижесінде қытайлық тағамды ұсақтап, содан кейін таяқшаларды қолдану дәстүрі қалыптасқан дәстүрге айналды. Б.з. д. 500 жылға қарай таяқшаларды қолдану Жапонияға, Кореяға және Вьетнамға таралды.