Қазақстан елшісі Ташкент әкімімен кездесті

25 Тамыз, 2019 120 0

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды Ташкент хокимі Джахонгир Артыкходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлағандай, кездесу барысында Дархан Сатыбалды Өзбекстан астанасының сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты жолға қою ісіне қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің өзара іс-қимылды жандандыру бойынша қойған міндеттерін ескере отырып, қазақстандық инвесторлардың Өзбекстан астанасында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін хабарлады.   Өз кезегінде Джахонгир Артықходжаев инвестицияның өсуіне байланысты Ташкент қаласының құрылыс саласы айтарлықтай жанданғанын сөз етті. 

Ол Қазақстан елшісін 2025 жылға дейінгі астананы дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.  Ташкент хокимі «Астана Опера» және «Астана Балет» ұжымдарының гастрольдерін тұрақты негізде өткізген жөн екенін атап өтті.


Тегтер: қазақстан, өзбекстан, елші, жаңалықтар, кездесу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.