Түркістанда халықаралық саммит басталды
Түркістанда халықаралық саммит басталды
Түркістан қаласында «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммиті басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Саммитке Түркістан облысы мен Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінің белсенді жастары түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда кездесті. 200-ге жуық адамның басын қосқан ауқымды шара үш күнге жоспарланған.
Халықаралық саммиттің алғашқы күнінде қатысушылар мен қонақтар Түркістан өңірінің киелі жерлерін аралады. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Сапар орталығына барды.
«Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық саммиті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Шараның негізгі мақсаты - түркі елдері жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай-ақ болашақта түркі әлемінің даму жолын ортақ пайымдау негізінде топтастыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі