Елімізде қытайлық екі банк ашылуы мүмкін

25 Тамыз, 2019 459 0

Қазақстанда Қытайлық екі банктің өкілдігі ашылуы мүмкін. Бұл туралы қос қаржы ұйымының да ортақ басшысы Сяншан Фэнг мәлімдеді. 

Анығырақ айтсам, «Азия – Тынық мұхиты Валюталық-Инвестициялық банкі» мен «Дүниежүзілік Біріккен Банкінің» Орталық Азиядағы бөлімшелеріне Қазақстанның таңдалуы бірқатар себеппен түсіндіріледі. Бірінші банк ірі инфрақұрылымды және өзге де жобаларды қаржыландырса, екіншісі қарапайым жұртқа несие берумен айналысады. Әзірге қашан ашылатыны туралы, нақты мерзімі айқындалмаған. Қазақстан Үкіметі тиісті шешімін шығарғаннан кейін іске кірісеміз дейді банктердің басшысы. Қазақстанның нарығына шетелдік банктердің кіруі біз көрген құбылыс.( Сбербанк, Әл-Хиләл Ислам даму банкі, Еуропалық Даму банкі) Бірақ бұлардың бәрінде ұзақмерзімді кепілді несие саясаты ғана. Тек ірі жоба-келісімдер емес қара халыққа қызмет көрсетеді десек, мұнда да ипотекалық жағдайы ғана, оның өзінде қазақстандықтар бұларға бара бермейді, себебі шарттары тиімсіз. Ал мына кірмек болып отырған Қытайдың екі банкісің бірі тек жұмысшы халыққа арналған банк. Каспий сияқты. Шетелдік мұндай қаржы ұйымы бізде жоқ. Ал қазекем аз көлемді кепілсіз несиеге жаны ғашық ел. Ісі алға басқанның бизнесін бұғаттауға, болмаса рейдерлікпен басып алушылыққа әуестенген біздің мүйізділер Қытайлық банктің аты оза шапса не істейді екен? Осы жаңалық естілген жиынға журналист, блогер және өзге насихаттаушылар бармағасын назардан тыс қалды. Тарата отырыңыздар! Қытай банктерінің біздің нарыққа кіргелі жатқанын ешкім әлі білмесе керек!

Сяншан Фэнг Азия – Тынық мұхиты Валюталық-Инвестициялық банкі басқарма төрағасы:

«Біз екі банктің де өкілдігін Қазақстанда ашқымыз келеді. Бірі ірі жобаларды, инфрақұрылымдық салаларға инвестиция берумен айналысса, екіншісі қарапайым халыққа несие беретін банк. Мүнда екі банк ашсақ онда тек Қазақстанның мамандары жұмыс істейді. Ал Қытайдан тек аздаған қызметкер келеді. Сіздердің биліктегі адамдарыңыздың жауабын күтіп отырмыз. Ұсынысымызды баяғыда айтып қойғанбыз. Мен 1 ай бойы астаналарыңызда омы қонақ үйде жатырмын. Қазақстан Үкіметінің шешімін күтіп жатырмын. Сол бойынша мәселеге кірісеміз»

#банки


Жалғас Зейноллаевтың фейсбук парақшасынан алынды

Тегтер: қытай, банк, қаржы, оқиға, қазақстан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.