Танымал қазақстандық филантроп Жастар жылында жақсылық жасады

24 Тамыз, 2019 156 0

Қазақстандық қоғамға көптен таныс кәсіпкер әрі танымал филантроп Оралбек Ботбай биылғы Жастар жылына орай, талантты студенттерге қолдау білдірді. 
Бұл туралы оның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Мәскеу мемлекеттік студентінің магистранты Дана Сүлейменова хабарлады деп жазады newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Оның хабарлауынша, Шымкент қаласындағы колледжердің бірінде оқитын Шыңғыс есімді студенттің оқуының соңғы жылының оқу ақысы толық төленген. Науқас анасына қарасып, оқуына да үлгеріп жүрген студент оқу үздігі әрі белсенді жастың бірі екен. Сондықтан да осындай жастарға қолдау танытуды өзіме парыз санаймын деген Оралбек Қожамжарұлы өзге пікір білдіруден бас тартты. 

Д.Сүлейменованың жазуынша, О.Ботбай Жастар жылының аясында, Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттерге де қолдау танытқан. Өз атынан шәкіртақы тағайындап, айт мейрамдарында ауыз ашар ұйымдастырып, көпке үлгі боларлық ізгі іс жасаған. Осы орайда, оған жастар атынан алғыс айтқым келеді деген ол, алдағы уақытта журналистика саласында қалам тербеп, медиа бизнес саласында баршаға пайдалы осындай оң ақпараттар жазуды жөн көретінін жеткізді. 


Өз тілшімізден

Тегтер: оралбек, ботбай, жастар, жылы, өах

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.